Уәкілетті орган кәсіпкердің тауар тиелген 11 цистернасын заңсыз ұстаған

Сурет: Zakon.kz
Шымкент көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді тобы тексеру жүргізіп, станциялық теміржол жолдарында 11 вагон-цистернаны заңсыз ұсталғанын анықтады.

Құқық қорғау органы қылмыстық ісжүргізу заңнамасын бұзып, тауарларға құқық белгілейтін құжаттарды елемей тексерген. Салдарынан "ҚТЖ" АҚ вагондар бос тұрғаны үшін кәсіпкерге 800 мың теңгеден астам  төлем шотын жіберген. Көрсетілген тосын мәжбүрлі шығыннан басқа, кәсіпкер өзінің шарттағы міндеті бойынша тауарды жеткізу мерзімін бұзғаны үшін елеулі материалдық шығынға ұшыраған. Сонымен қатар бұл жағдай кәсіпкердің іскерлік беделін де түсірген.

Прокурорлық шаралар қабылданғаннан кейін ғана кәсіпкердің тауарлары өз бағыты бойынша жүрді.


"Құқық қорғау органының кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін оларға қатысты материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді". Бас көлік прокуратурасы
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты