Үш адамның өмірін жалмаған Степногор қаласы маңындағы жол апаты: Ізіне түсіп, оқ атқан

Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
23 наурызда полициядан қашқан көлік апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер Toyota Land Cruiser көлігінің ізіне түскен, оның жүргізушісі "тоқта" деген заңды талаптарға бағынбай, ары қарай жүйіткіген. 

Полицейлердің айтуынша, өздерінен қашқан шетелдік көліктің жүргізушісі басқа көлікті сырып өтсе де тоқтамаған. Осыдан кейін олар қашқын көліктің соңына дейін ізіне түсу туралы шешім қабылдап, оның барысында оқ атқан.

Ақмола облыстық полиция департаменті бұл шешім "Құқық қорғау қызметі туралы" ҚР Заңының 59 және 61-баптарында қарастырылғанын нақтылайды.

Кейін "Заводская - Өндірістік аймақ" тас жолында Toyota Land Cruiser Audi B4-пен бетпе-бет соқтығысқан. Audi B4-тің жүргізуші мен екі жолаушысы апат салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Медициналық куәландыру жол талғамайтын көлік жүргізушісінің мас күйде болғанын көрсетті, деп хабарлайды ПД.


"Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция хабарламасында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді