Желідегі видео: Қызына пышақ ала жүгіріп, бетінен қоқыс жәшігімен ұрған әйелдің кім екені анықталды

Сурет: видеодан алынды
Желіде қызын сабаған ананың видеосы тарады. Видеодан әйелдің қыз балаға пышақ ала жүгіргенін, одан кейін қоқыс жәшігімен бетінен ұрғанын, содан соң қолы мен аяғына ерік бергенін көруге болады. Видеоны полицейлер зерттеп, аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші әйелдің бірінші некеден туған кәмелетке толмаған қызы болып шықты. Қазіргі уақытта ол әкесінің қолында, деп жазады otyrar.kz құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Анасы баласына қандай себеппен зорлық-зомбылық көрсеткенін полицейлер нақтыламаған.

Тек сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі.

"Полиция қызметкерлері видеодағы адамдарды анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылы 31 наурызда қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Іс Шымкент қалалық ПД бастығының бақылауында", - деді Шымкент қаласы ПД-ның баспасөз қызметі.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды