Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен әйелдің денесі табылды

Сурет: Zakon.kz
16 сәуірде таңертең Ақтаудағы пәтерлердің бірінде 52 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның азаматтық некедегі күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жантүршігерлік оқиға бүгін таңда қаладағы көпқабатты үйдің бірінде болды. Өртеніп жатқан пәтерден әйел адамның денесі табылған. Шырт ұйқыда жатқан өзге тұрғындар шошып оянған. Бықсыған иісті сезіп өрт сөндірушілерді де көршілер шақырыпты. 10 шаршы метр жерді жалмаған өрт қасақана қойылғаны анықталған. Көп ұзамай полиция қызметкерлері жоғарғы қабаттан марқұмның көңілдесін ұстапты, деп хабарлайды КТК.

Азаматтық некедегі әйелін қастандықпен өлтірді деген күдікпен ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. 

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді". Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева

Айта кетсек, 16 сәуірде Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса қатыгездікпен кісі өлтірді деп айыпталған Бұланды ауданына қарасты Макинск қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Масаң күйдегі сотталушы танысын ауыл сыртына шығарып, екі рет атып жарақаттап, одан кейін ұрып-соғып, кейіннен көлікпен үстінен басып өткен. 

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды