Астанада 8-сынып оқушысы мектепте төртінші қабаттағы терезеден секіріп кетті

Сурет: gov.kz
17 сәуірде № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы білім басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақырылды, қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр.

"Зардап шеккен жасөспірімнің миы шайқалған, кеуде және қарын тұстында жарақаттары бар, оң иық асты сүйегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алған жарақаттарына байланысты), тұрақты деп бағаланады. Баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында", делінген хабарламада.

Қазір оқыс оқиғаға не түрткі болғаны анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Айта кетсек, 12 сәуірде Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмғаны хабарланды. 

15 сәуірде Ақтөбеде спорт мектебі оқушысының өліміне байланысты үш қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды