Ақмола облысында көлігімен ит қаққан депутат жауапкершілікке тартылды

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде Ақмола облыстық мәслихат депутаттарының бірі әріптестерінің көзінше көлігімен итті қағып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Өңірлік ПД ер адамның жауапкершілікке тартылғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факт бойынша тексеру амалдары жүргізілді. Депутат ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы, яғни "Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды. Ер адамға 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

"Зеренді ауданының полиция бөлімі тексеру жүргізді, оның барысында полицейлер жануарға қатыгездік көрсеткен жүргізушіні анықтап, жауапқа тартты", делінген хабарламада.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

"Біреудің қайғысы – бәрімізге ортақ": Қызылорда тұрғындары өрттен зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр