БҚО тұрғыны алаяқтан бүкіл аурудан емдейтін "ғажап көрпені" 150 мың теңгеге сатып алған

Сурет: видеодан алынды
БҚО-да алаяқтар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген желеумен "ғажап көрпені" 300 мың теңгеге бағалап, сатады. Оларға әйел 140 мың теңгесі мен алтын әшекейлерін ұстатқан. Қаскөйлер ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда бір нәрседен күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Полицейлер кезекші тәулік ішінде оқиға ізін суытпай Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстады.

Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды.

"Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Егер осындай қылмыстың құрбаны болғандар болса, полицияға хабарласу сұралады.

Ақтөбе
Орал
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме