Астанада сақшылар синтетикалық есірткі таратушылар тобын ұстады

Сурет: видеодан алынды
Жедел іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада есірткі таратумен айналысқан топты құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысында 27 және 25 жастағы екі қатысушы есірткіні жеткізуге, қаржыландыруға және сақтауға жауапты негізгі ұйымдастырушылары екені белгілі болды. Топтың қалған мүшелері елорда аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан.

"Тінту кезінде 330 бума есірткі заттары, электронды таразылар, көптеген магниттер мен қапшықтар табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен бір келіні құраған. Олар мефедрон, MDMA (экстези), Alfa PVP (скорость) сияқты синтетикалық препараттар", делінген хабарламада.

Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынғаны да нақтыланады.

Айта кетсек, ШҚО полицейлері есірткі зертханасының көзін жойды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін