Ақмола облысында 20 млн теңге ұрлады деп күдікке ілінген ауыл әкімдігінің есепшісі сотталды

Сурет: freepik
Ақмола облысындағы ауылдық округ әкімдігінің есепші маманы 20 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткені үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

2018 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың қазан айы аралығында әкімдердің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, "С." штат кестесінде белгіленген мөлшерден асыра өзінің жалақысына жалған мәліметтер енгізді. Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, көрсетілген кезеңде сотталушы өзінің банктік шотына 20 млн теңгеден астам жалақы аударған.

Мемлекетке келтірілген залалды есепші қылмыстық істі тергеу сатысында толық көлемде өтеді.

Сонымен қатар, сот бақылаудың болмағаны үшін облыс және ауылдық округ әкімдерінің атына, сондай-ақ жол берілген бұзушылық пен тиісінше бақыламағаны үшін жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін Қазынашылық департаменті басшылығының атына жекеше қаулылар шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді