"Ақтап, қайта соттады". Танымал блогер Думан Ерқанат сот залында қамауға алынды

Сурет: Instagram/duman_neo
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы танымал қаржы саласы бойынша блогер Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот процесі жабық режимде өтті.

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерқанат зорлау айыбы бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

"Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған. Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Ерқанаттың кінәсі дәлелденді деп таныды. Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады", делінген сот хабарламасында.

Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды.

Зорлау айыбына іліккен блогер Instagram-дағы парақшасында өзі мен Интернет арқылы таныс бойжеткеннің арасында болған оқиғаға арнап жазба жариялаған. Оның айтуынша, оқиға болған түні қыздың өзі төсекке ыңғай танытқан, ал бірнеше сағаттан кейін ол полицияға шағымданатын айтып, блогерден қомақты ақы талап еткен.

Бұған дейін Алматыда жас блогер өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болған.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды