Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ территориясында абитуриент бозбала өлі күйінде табылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 19 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ территориясында бозбаланың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның денесі университеттің кіре берісіне қарама-қарсы орналасқан субұрқақтың жанынан табылды. Кісі өліміне не себеп екені әлі айтылмайды.

Әлеуметтік желідегілер жас жігіттің субұрқаққа түсіп, шомылмақ болған шығар деп болжайды.

Instagram-дағы 100 baksoff парақшасында келтірілген алдын-ала ақпаратқа сәйкес, марқұм - 2007 жылғы абитуриент. Оның өлімінің мән-жайы анықталу үстінде. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дәрігерлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Алматы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша тергеу шаралары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 27 жастағы блогер Айлуна Рақымбекова өз-өзін қол жұмсап, мерт болған болатын.  Ол артына хат жазып қалдырған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін