Қызылорда облысында пробация есебіндегі екі азамат қайтарымсыз грант ұтып алды

Қызылорда облысында есепте тұрған екі сотталған қайтарымсыз грант ұтып алды. Олар "Бастау Бизнес" жобасы бойынша бір айлық "Кәсіпкерлік негіздері" курсын оқып, өз бизнес жобаларын сәтті қорғап шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде олардың әрқайсысы мемлекеттен қайтарымсыз 1 476 800 теңге көлемінде грант ұтып алды. 

"Бастау-бизнес" жобасы арқылы оқып, кәсіпкерлік жүргізудің қыр-сырын үйрендім. Жеке кәсіп ашамын деген азаматтарға мүмкіндік көп. Көлік жөндеу слесарі бойынша грант иегері атандым. Қайтарымсыз қаражатыма қажетті заттарды сатып алатын боламын. Көлік жөндеу орталығын ашып, отбасымды адал жолмен асырап, халқыма пайдамды тигізсем деймін", – дейді сотталған азамат.

Қазіргі заманда жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндік берілуде.

"Есептегі азаматтар арасынан кәсіпке бет бұрғандар бар. Міне, тағы екі азамат курсты толық аяқтап, тест тапсырып, сертификат алды. Өз бизнес жоспарын жасап, комиссияға ұсынған. Комиссиямен мақұлданып, қайтарымсыз қаражат ұтып алды. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан мұндай көмек пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізіп келеді", – дейді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Гүлнұр Байсариева.
Қызылорда
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: