"Тегін дүние жоқ". Onay компаниясы өз аттарынан жалған хабарлама тарап жатқанын ескертті

Сурет: pixnio
Алматы қаласының көлік холдингі қоғамдық көліктерде "тегін" жүруге мүмкіндік беретін карта туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz7

Onay компаниясы алматылықтарға ұсынылып жатқан 200 сапарын тегін ететін "арнайы бағдарлама" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Холдинг мұндай ақпаратты алаяқтар жолдайтынын нақтылайды. 

"Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС тегін көлік карталарын, сондай-ақ, қоғамдық көлікте 1 жыл тегін жүретін, түрлі бонустар мен артықшылықтарға ие "Бірыңғай" картасын таратпайтынын және серіктестік желілеріндегі жеңілдіктер мен тағы басқа акцияларды жүргізбейтінін хабарлаймыз! Сізден мұндай сілтемелерді баспауыңызды және жеке деректеріңізді бермеуіңізді сұраймыз", делінген компания хабарламасында.


Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді