Павлодар облысы бойынша ТЖМ бөлім басшысы сотталды

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысы бойынша ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бөлім басшысы үш жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратынша, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.

"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға тиіс",- делінген агенттіктің хабарламасында.

Осыған байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді