Әскери борышын өтеуге кеткен сарбаздардың несиесі қалай төленеді - ережелер өзгертілді

ҚР АРРФР 2024 жылғы 6 тамыздағы қаулысымен мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ банктік қарыздың, микрокредиттің болуы немесе болмауы, төлемді кейінге қалдыру туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары мемлекеттік органдардың, кредиттік бюролардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің арасында мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу тәртібін айқындайды.

Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну үшін мәліметтерді алмасу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

Кредитор сервисі болмаған кезде кредитор кредиттік бюролар сервисі мәліметтерді аптасына бір рет сұратады.

Кредитор кредиттік бюроға банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді береді.

Кредиттік бюролар жылына екі рет 5 қаңтарға дейін және 5 шілдеге дейін қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге берілген банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы ақпаратты ұсынады.

Банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар, кредиттік бюролар және кредиторлар арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі

Мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау үшін мәліметтер ұсыну мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

Кредитордың сервисі болмаған кезде кредитор кредиттік бюролардың сервисі арқылы аптасына бір рет мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді сұратады.

Кредитор өз кезегінде сұратылған мәліметтерді кредиттік бюроға береді.

Қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: