Павлодарда алматылық жігіт бөтеннің Land Cruser 200 көлігін өртеп жіберді

Сурет: unsplash
Павлодарда шетелдік жеңіл көлік өртеніп кетті. Тексеру барысында полиция көлікті өртеген адам мен тапсырыс берушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында павлодарлық жедел уәкілдер Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеуге қатысқан адамдарды анықтады.


"Павлодар тұрғыны ақшалай сыйақы үшін осы қылмысты алдын ала ұйымдастырып, жоспарлағаны анықталды. Ол Алматы тұрғынына автокөлікті өртеуді ұсынып, ол келісіп, тез тұтанатын сұйықтықты пайдаланып, Майра көшесіндегі үйдің тұрағында автокөлікті өртеп жіберді, содан кейін қылмыс орнынан қашып кеткен. Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталды", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда инфляция қашан 5%-ға дейін төмендейді: Ұлттық банк болжамы

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Тоқаев ҚТЖ-ны сынға алып, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттарын атады