Қостанай облыстық сотының төрағасы отставкаға кетті

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысының сот корпусы облыстық соттың төрағасы Салий Вячеслав Васильевич пен облыстық соттың судьясы Нұров Сергей Мұратұлын құрметті отставкаға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық соттың мәліметінше, Вячеслав Салий сот жүйесінде 37 жылдан астам, ал Сергей Нұров 25 жылдан астам жұмыс істеген, кәсіби ортада абыройлы және жоғары беделге ие мамандар.

Сот төрелігін жүзеге асыруда адал қызмет еткені үшін олар "Құрмет" орденімен марапатталған.

Сурет: Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

"Облыстық соттың судьялары В.Салийге дана және жанашыр басшы болғаны үшін, ал С.Нұровқа сот істерін қараудағы білімі мен тәжірибесі үшін алғыстарын білдіріп, құрметті отставкаға шығарып салды", делінген сот хабарламасында.
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі