Тиісті норма бүгін Мәжілісте таныстырылған "Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері жөніндегі ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қамтылған.
"Заң жобасы жер қатынастары, сәулет және құрылыс, көші-қон, жарнама және экология салаларындағы проблемаларды шешуге бағытталған. Сыртқы жарнаманы жолдар мен көшелерді бояу арқылы орналастыру қалалардың эстетикалық келбетіне теріс әсер етеді. Сондай-ақ, қаланың сыртқы келбетінің нашарлауына қоғамдық орындарда аудио жарнаманың кең таралуы себеп болып отыр". Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков
Оның айтуынша, қазіргі кезде аталған әрекеттер ереже бұзу әрекетіне жатпайды және заңнамада оған қарсы ешқандай әкімшілік шаралар көзделмеген. Сол үшін бұл мәселені шешуде мыналар ұсынылады:
- "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдағы республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретін дизайн-кодты бекіту жөніндегі норманы, ал әкімдіктің құзыретін стационарлық емес объектілерді орнату және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі норманы кеңейту тұрғысында;
- "Астана мәртебесі туралы" Заңға елордада Бірыңғай дизайн-кодты енгізу және оның жалпы ережелерін айқындау жөнінде өзгеріс енгізу;
- "Жарнама туралы" Заңға ғимарат/тұрғын үй иесіне анықталған бұзушылықтарға байланысты белгіленген жарнама объектісін сүру жөніндегі талаптарды қолдану, ашық кеңістікте аудио жарнамаларды таратуға тыйым салу және тротуарларда, веложолдарда, автожолдарда және көшелерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға қатысты өзгерістер енгізу.
- Сондай-ақ, осы нормаларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде құқық бұзушылықтар құрамына енгізу мәселесі пысықталуда.
"Қазір қаладағы тротуарға белгілі бір дүкеннің немесе басқа да өнімдердің жарнамасын баяумен жазып кететінін көріп жүрміз. Ал әкімдіктің коммуналдық қызметтері сол түрлі шимай жазу мен бояуларды өшіріп әлекке салынып жатады. Атап айтқанда, осының барлығы қаланың келбетін ұсқынсыз көрсетеді. Сонымен қатар, осы жазулар жолда жүріп келе жатқан адамның назарын аударып, қауіпсіздікке де әсер етеді. Сондықтан осындай әрекеттерге жол бермеуді қарастырып отырмыз. Қазір осының бәрі әкімшілік заң бұзу әрекетіне жатпайды. Бірақ осындай баяулар үшін жарнама туралы заңнама аясында айыппұл енгізуді ұсынып отырмыз", - деді Бауыржан Омарбеков бұл ретте.