Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, марқұмдардың екеуі – бала

Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
16 қыркүйекте кешке "Торғай-Арқалық" тас жолының 17-ші шақырымында Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылының маңында Lexus пен ГАЗель автокөліктері соқтығысты. Салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облыстық полиция департаменті төрт адамның өліміне әкеліп соққан аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"Екі көлік те Арқалық қаласына қарай бағыт алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі алдындағыны басып озу кезінде рөлге ие бола алмай екінші көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі және екі бала алған жарақаттарынан қаза тапты. Сол көлікте болған тағы бір жолаушы ауруханада жан тапсырды".Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді ЖҚЕ талаптарын ескеруге, атап айтқанда жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтауға шақырады.


Айта кетсек, 15 қыркүйекте таңертең Алматыда көлік шұңқырға аударылып, жүргізуші мен 15 жасар жасөспірім ауруханаға түсті.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды