"Ayana Plaza-ға" ақша салмаңыздар!". Тәртіп сақшылары үндеу жасады

Сурет: Zakon.kz
"Ayana Plaza" тұрғын үй кешені құрылысының тоқтатылғанына қарамастан, құрылыс салушы компания пәтер сату сылтауымен азаматтардың қаражатын заңсыз иеленуді жалғастыруда. Осыған байланысты елорда полициясы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгіндері полиция "Ayana Plaza" ТК құрылысына арналған үлескерлердің ақша қаражатын алдап алу жолымен иемденді деп "Kaztelematica" ЖШС, "Kaztelematica group" ЖШС және "Building Company" ЖШС басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.


"Қазіргі уақытта полицияға 110 жәбірленуші арызданған, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп екені анықталды. Алданған үлескерлердің жаңа толқынының пайда болуына жол бермеу үшін жоғарыда аталған тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салмауды сұраймыз". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Аталған компаниялар басшыларының әрекетінен зардап шеккен азаматтардан Астана қаласы ПД-ға, яғни Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайы бойынша жүгіну сұралады. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады