"Ұшақта жүрегі ұстап қалған". Жапония елшісі Көліктегі ПД қызметкерлеріне алғыс айтты

Сурет: ҚР ІІМ
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне уақтылы көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек,2024 жылдың 17 тамызында "Токио – Цюрих" бағытындағы әуе рейсінің жолаушыларының бірі ұшу кезінде өзін нашар сезінген болатын. Жапония азаматы инсульт алып, ұшақ Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды.

"Елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, болған жайтты Жапония елшілігіне жедел хабарлады. Осыдан кейін ол Астана қаласындағы №2 көпсалалы ауруханаға шұғыл жатқызылды. Денсаулық жағдайы тұрақталғаннан кейін ол Отанына аман-есен оралды", делінген ҚР ІІМ хабарламасында.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Мәкең бар!". Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын назарға алды