Ақмола облысында гидротехникалық құрылыстың шамамен 40%-ы апатты жағдайға дайын емес

Сурет: Zakon.kz/Дина Тукпаева
20 қыркүйекте Ақмола облысының прокуроры Руфат Кұттықовтың төрағалығымен алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кезекті үйлестіру кеңесі өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс жұмысына облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау, арнайы және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Cу бұру арналары, су өткізу құрылыстары, өзен арналарын тазалау, жағалауды нығайту, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері талқыланды.

Облыс прокуроры өңірдегі 90 гидротехникалық құрылыстың 34-і немесе 38%-ы қанағаттанарлықсыз және апаттық жағдайда екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол бекітілген кешенді жоспарға сәйкес көктемгі су тасқындарына дайындықтың маңыздылығын қатаң ескертті.

"Жоспарға сәйкес анықталған гидротехникалық құрылыстарды тексеру, жөндеу және тиісті жағдайларда ұстау түріндегі шаралар міндетті түрде мерзімінде және сапалы орындалуы тиіс", - деп қосты Руфат Кұттықов.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып,  уәкілетті органдарға су тасқындарын қауіпсіз өткізуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер қойылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан