Шымкентте ЖОО ректоры қамауға алынды

Сурет: Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ баспасөз қызметі
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz өңірлік басылымының хабарлауынша, ректор 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл ақпаратты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті растады.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ", деп атап өтті аталған департамент басшысының ортынбасары Санат Құлбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.

Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады.

23 қыркүйекте Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы жаңадан тағайындалды.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін