Абай облысында полицейлер 10 млн теңгенің есірткісі бар қойманы анықтады

Сурет: pixabay
"Қарасора" және "Учаске" ЖПІШ барысында полицейлер Семей қаласының маңындағы қараусыз қалған үйден үш қорап есірткі тауып алды. Бұл орынды есірткі сатушылар уақытша қойма ретінде пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер күдіктіні анықтады, ол бұрын сотталған 40 жастағы семейлік болып шықты.

"Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хбарламасында.

Полиция қызметкерлері қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды

Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды