Қостанайда жеделсатыдағы үнпарақты шимайлаған тұрғын 185 мың теңге айыппұл арқалады

Сурет: Zakon.kz
Учаскелік полицейдің ақпараттық үнпарағына балағат сөздер жазып, өз-өзінің көңілін көтерген 21 жастағы Қостанай қаласының тұрғынына ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Сыртқы бейне бақылау камераларындағы таспадан екі қыздың жеделсатыға кіргенін байқауға болады.

"Учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына 21 жасар қыз маркермен балағат сөздер жазған. Бейне арқылы құқықбұзушыны тез анықтады. Анықталғандай, қыз бала қазірдің өзінде құқық қорғау органдарында есепте тұр. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қоғамдық орынды ластағаны үшін, бұл ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Осындай бұзушылық үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

"Полиция мұндай әрекеттер жазасыз қалмайтынын еске салады және азаматтарды ортақ мүлікке және айналасындағыларға құрмет көрсетуге шақырады. Әрқайсымыз өз қаламызда тәртіп пен тазалықты сақтауға жауаптымыз", делінген хабарламада.


Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған