Өзбекстанда есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды

Сурет: Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі
Өзбекстанның Сұрқандария облысында шекарашылар үш адамды ұстады. Олар елге есірткі заттарын кіргізбек болды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, 20 келіден астам апиын мен гашиш Тәжікстаннан жеткізілген.

"Сонымен қатар, Мұзрабад ауданында ауған есірткі курьерлері жасырын жерде қалдырған екі келіге жуық апиын мен төрт келіден астам гашишты алып жатқан жерінен тағы бір ер адам ұсталды. Осы іс-шара барысында Термезде есірткі алып жатқан жерінен Қазақстан азаматы ұсталды", - деп хабарлады Өзбекстан МҚҚ.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдікті қамауға алынды.


Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Алматы жасөспірімдері қандай кітап оқиды – сұхбат

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды