Оралда қаскөй полиция қызметкерін пышақтады

Сурет: pixabay
Орал қаласында қаскөй пышақ сілтеп, 43 жастағы полиция қызметкерін жарақаттады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқыс оқиға 12 қазанда болды. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Сот оған қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", деп атап өтті аймақтық ПД.

Полиция департаменті полиция қызметкерінің кезекті еңбек демалысында болғанын айтады.

Бұған дейін Семейде 2024 жылы 18 қазанда Омбы – Майқапшағай тас жолында үш көліктің қатысуымен жол апаты болғаны, соның салдарынан үш азамат, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатовтың қаза тапқаны хабарланған.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы

Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді? Үкімет ережеге өзгеріс енгізді