Тұрлыхановтың ұлы үшін пробация қызметінің қызметкерлері жазаланды

Сурет: Instagram/daulet_bolatuly_turlykhanov, advokat_oleg_chernov, pro.pravo.kz
2024 жылы 23 қазанда Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехадан журналистер депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасын өтеу шарттарын бұзуына байланысты қандай шара қолданылғанын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер "Нұрасыл Болаттың жазасын өтеу шарттарының сақталуын қадағалауға тиіс адамдарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр ма" деп сұрады.

"Бұл іс бойынша біз қызметтік тергеу жүргіздік, қатаң шаралар қабылдадық, қызметкерлеріміз жазаланды", – деді Игорь Лепеха.

Алайда ол нақты қандай жаза қолданылғанын ашып айтпады.

21 қазанда пробация қызметінің өкілі бірнеше рет жасалған ескертулерге және электрондық бақылау білезігінің болуына қарамастан, Нұрасыл Болат жазаны өтеу тәртібін екі рет бұзғанын хабарлады: 2024 жылғы 11 қазан және 12 қазан. Салдарынан 22 қазанда ол бас бостандығынан шектеу мерзімінің қалған жазасын өтеу үшін түрмеге қамалды. 2024 жылдың 21 қазандағы жағдай бойынша Нұрасыл Болаттың өтеуі тиіс жазасы мерзімінің 6 айы өтелген, енді 1 жыл 5 айы қалған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды