Ақмола облысында жоғалып кеткен 50 жастағы ер адам табылды

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарға арналған арнайы мекемеден психиатриялық есепте тұрған 50 жастағы ер адам өз еркімен белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқастың жоғалып кеткенін байқаған мекеме қызметкерлері бірден аудандық полиция бөліміне жүгінді. Жоғалған адамды іздестіру үшін полиция шұғыл шаралар қабылдады.


"Қызметкерлер оның ықтимал жүріп өткен бағыттарын мұқият саралап, жергілікті тұрғындардан келіп түскен ақпараттарды талдады, сондай-ақ жақын маңдағы елдімекендерге патрульді күшейтті. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1 қараша күні жақын маңдағы ауылдардың бірінен жоғалған азамат табылып, қайтадан мекемеге жеткізілді", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайы анықталуда. 

Бұған дейін Алматы облысында судьяны жемқор деп атаған ер адам темір торға тоғытылатыны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек