Оралда түнгі клубқа келушілерді пышақпен жарақаттаған жігіт ұсталды

Сурет: pixabay
Полиция қызметкерлері Орал қаласындағы түнгі клубтардың біріне келушілерін пышақпен жарақаттаған жас жігітті ұстады. Оқыс оқиға 3 қарашада таңғы сағат 5 шамасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал қаласындағы түнгі клубтардың біріне ер адам кірмекші болған, алайда мекеме күзетшілері мас күйде болып, өзін дөрекі ұстағандықтан оны мекемеге кіргізбеген.

"Сол кезде ол жанындағы азаматпен бірге күзет қызметкеріне пышақ жарақатын келтірген. Бір топ келушілер мен күзет қызметкерлері, бұзақы адамды полиция қызметкерлері келгенше ұстап, соққыға жыққан. Ер адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық фактісі бойынша мекеме күзетшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды". БҚО ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық қатысушыларын анықтап, ұстады.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұған дейін Ақтөбе маңында жаяу жүргіншіні қағып, мерт еткен жүргізушіге іздеу жарияланғаны хабарланған.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды