Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті қандай жұмыстармен айналысады

Фото: polisia.kz
Ішкі істер министрі 2024 жылғы 24 қазандағы бұйрықпен ІІМ-нің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, құжатта ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті туралы ереже бекітілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережеде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті (комитет) есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлары айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды үйлестіру, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласында басшылықты жүзеге асыратын ҚР ІІМ ведомствосы болып табылады делінген.

Ведомствоның міндеттері:

Осыған байланысты комитет келесі функцияларды орындайды:

Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

Комитет төрағасының өкілеттіктері:

Сонымен қатар, аталған бұйрықпен ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті туралы ереже алынып тасталды.

Бұйрық 2024 жылдың 24 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі