Астанада заңсыз салынып жатқан Qurmangazy тұрғын үй кешені сүрілетін болды

Сурет: gov.kz
Елордалық қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы "Inter Stroy Astana" ЖШС құрылыс салушы компаниясы тиісті рұқсат қағазсыз өз бетінше үлескерлердің ақшасына салып жатқан QURMANGAZY көпқабатты тұрғын үй құрылысының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеруге сәйкес, құрылыс компаниясы үлескерлер қаражатын тарта отырып, жер телімінің тиісті құқықтық, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеуші құжаты болмағанына қарамастан құрылыс жұмыстарына кірісіп кеткен, бұл туралы тиісті органдарды хабардар етпеген. Бұл өз кезегінде "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы" заң талаптарын бұзу болып саналады.

Осылайша, құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оған жол берілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Берілген нұсқаманы орындау үшін құрылыс салушы ерікті түрде заңсыз объектіні бұзу бойынша іс-шара жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты