Екібастұзда "мектеп маңын торуылдап жүр" деп айыпталған ер адамның кім екені анықталды

Сурет: unsplash
Екібастұзда WhatsApp арқылы мектептер маңын бір ер адамның торуылдап жүргені туралы хабарлама тарап, ата-аналардан маза қашты. Полиция зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция аталған мектептердің бейне камераларын тексерген. Ал хабарламаға қосымша тіркелген суреттегі ер адамның бұл жайтқа түк қатысы жоқ болып шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Алдымен қала тұрғындары бір-біріне №9 және №11 мектептердің маңында оқушы қыздарға жармасып жүрген ер адам туралы хабарлама жолдаған. Тұрғындар ата-аналарды мектеп оқушыларын үйге дейін шығарып салуға және мектеп қарсы алуға шақырған. 

Қалалық полиция департаменті хабарламаның авторларын жинап, тергеу жұмыстарын бастады.

"Біз бейнекамера жазбаларын зерттедік. Кәмелетке толмағандаға жармасу фактісі расталмады", – деді полициядан.

Ал хабарламамен қосымша жарияланған ер адамның суретінің бұл іске еш қатысы жоқ болып шықты. Айыпталған ер адам мектептің жанында жай өтіп бара жатқан.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы