Астанада мас адам өзгенің көлігін айдап кетіп, электр бағанына соғылды

Сурет: polisia.kz
Елордада полицейлер көлік ұрлау фактісі бойынша тағы бір қылмыстық істі тіркеді. 24 жастағы жігіт бөтеннің автокөлігін заңсыз иемденіп қана қоймай, оны мас күйінде жүргізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, жас жігіт түнгі уақытта алкогольдік ішімдік ішіп, көшеге шыққан.

"Тұрғын үй ауласында тұрған Mercedes E-230 көлігінің есігінің ашық, ал кілттің тұтандырғышта тұрғанын көріп, көлікті айдап әкеткен. Біраз уақыт қаланы көлікпен аралап жүріп, бағанаға соғылып, 3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қазіргі уақытта құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Астана қаласының полиция департаменті автокөлік иелерін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Көлік ішінде кілттер мен бағалы заттарды қалдырмау, есіктерді құлыптау сияқты қарапайым ережелерді сақтау – көлік ұрлығының алдын алудың негізгі кепілі. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді