Алматы облысының полиция департаменті түсіндіріп өткендей, аталған оқиғаға қатысушыларды Талғар ауданының полицейлері ұстаған.
"Заң аясында қажетті шаралар қабылданды. Видеодағы оқиғаға қатысушы - 37 және 31 жас аралығындағы аудан тұрғындары ұсталып, жауапқа тарту үшін полицияға жеткізілді". Алматы облысы ПД
Белгілі болғандай, жанжалға видеода ер адамдарды ажыратуға тырысқан әйелдің жақын адамдары, атап айтқанда ағасы мен күйеуі арасындағы дау түрткі болған.
Полиция қазіргі уақытта төбелескендердің бір-біріне қарсы қояр талаптары жоқ екенін, жағдай реттелгенін атап өтті.
Бұған дейін Алматы облысында төбелестен кейін қашып бара жатқан, қолында пышақ тәрізді зат бар ер адам видеоға түсіп қалған.