Астанада бетон араластырғыш көлік екі қымбат көлікті соғып, электр бағанын да қиратқан

Сурет: Zakon.kz
8 қаңтарда Астанада Ақ жол даңғылында Shacman маркалы жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына елордалық полиция департаменті хабарлады.

Полиция 44 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Infiniti және Tank көліктеріне соқтығысқанын, кейіннен көшедегі жарық бағанына соғылып, содан соң сол жаққа бүйірлей құлағанын нақтылайды.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады", - деп толықтырады ПД.

Айта кетсек, 8 қаңтарда Алматыдағы Рысқұлов даңғылында Лобачевский көшесіне жетпей жаппай көлік апаты болды. Салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды