Ақтауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтауда есірткіге қарсы күрес қызметкерлері 42 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар есірткі сататын Telegram-дүкендердің сілтемелері көрсетілген парақшаларды қабырғаға жапсырып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cондақ-ай парақшаларда есірткіні жасырын қойып кетушілер мен курьерлерді жұмысқа шақыру туралы ұсыныс болған. Ұсталғандардың екеуі де жұмыссыз және бұған дейін есірткі айналымына байланысты бірнеше рет жауапқа тартылған.


"Ұсталғандардан маркерлер, жарнамалық парақшалар тәркіленді. Сонымен қатар олардан граффити салумен айналысу туралы "оператормен" сөйлескен хаттары мен фотосуреттер сақталған телефондар алынды. Есірткіні заңсыз жарнамалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр". Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Қарағанды облысында түрмеге жолданған ұсақ кәмпиттер ішінен есірткі табылғанын жазғанбыз. 

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты