Қарағанды облысында түрмеге жолданған ұсақ кәмпиттер ішінен есірткі табылды

Кәмпит, есірткі, гашиш, Қарағанды облысы, түрме, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 19:38 Сурет: видеодан алынды
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №34 мекемесінде есірткіні кәмпит ішіне тығып беру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәлемдемелерді қабылдау бөлмесіне келіп түскен кезекті сәлемдемені тексеру кезінде түрме қызметкерлері кәмпиттер ішінен жаңғақтардың орнына қоңыр-жасыл түсті заттарды тапты. Мұндай бес кәмпит анықталды.

"Бұл факт № 34 мекеменің ҚАЖ-сында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша бұл заттардың жалпы салмағы 3,472 грамм болатын есірткі – гашиш екендігі анықталды. ҚР ҚІЖК-нің 179, 184-баптарына сәйкес, Шахтинск қаласы ПБ арнайы бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кірісті", деп мәлімдеді мекемеден.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: