Алматыда тергеу изоляторындағы танысына есірткі өткізбек болған азамат анықталды
Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде 1990 жылғы тергеу тұтқынындағы күдіктіге Head shoulders сусабынының ішіне есірткі салынғаны анықталды.
Аталған мекеменің сәлемдемелер қабылдау орнында анықталғанындай 1989 жылы туған азамат өзінің тергеудегі танысына осындай жолмен есірткі затын өткізбек болған.
Алайда ол өзінің заңсыз әрекетінен "маған бір танысым осы сәлемдемені жеткізуді өтінген болатын, сусабынның ішінде есірткі барын білмедім" деген сылтаумен жалтарды.
Бұл заң бұзушылық мекеменің жедел қызметкерлерімен және Алматы қаласы полиция департаменті кинологиялық қызметімен анықталды.
Аталған факт бейнетіркегішке тіркеліп, сусабынның ішінен шыққан пакетке оралған өткір иісті ұнтақ химиялық сараптауға жіберілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript