Республикалық автожолдың тағы бір учаскесі ақылы болмақ

Фото: Zakon.kz
ҚР Көлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:

Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –1806+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –1351+150 км;

Автомобиль жолындағы қозғалыс жолағының саны – екі бағытта – бір жолақ;

Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 454 км 850 метр;

Сондай-ақ, жолдың ақылы учаскесі бойынша жол жүру ставкалары бекітілді.

Сонымен, ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері:

2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, айлық және жылдық жол жүру ақысы қарастырылған.

Бұйрық 2025 жылдың 26 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған