"Элиталы тұрғын үй кешенінен пәтер ұсынған": Алматыда тағы бір алаяқтық фактісі әшкереленді

Сурет: pixabay
Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық фактісі әшкереленді. Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 7 ақпанда Алматы қалалық полициясы  интернетте отырып-ақ ақша тапқан бойжеткеннің ұсталғанын хабарлады. Бойжеткен интернетке Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінен пәтерді өте тиімді шарттармен жалға беру туралы хабарландыру орналастырған.

"Үйге көшкісі келетіндер көп болды. Кем дегенде бес адам үй иесінің шарттарын бірден орындап, оған ай сайынғы пәтер ақысын толық аударып жіберген. Оның үстіне, алданғандардың ешқайсысы пәтерді өз көзімен көрмеген, “пәтер иесінің” сөзіне сеніп қалған. Бұл - азаматтардың ең үлкен қателігі. Өзіңіз көз жеткізбеген нәрсеге ешқашан ақша төлемеу керек", - деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  

Бұған дейін Павлодарда жол апатын жасап, кісі өліміне себепкер болған бұрынғы ІІМ қызметкері сотталғанын жазғанбыз.

Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін