ІІМ жоғары офицерлік құрамының арнаулы атақтарын беру және төмендету қағидалары әзірленді

Фото: polisia.kz
"Жоғары басшы құрамды немесе жоғары офицерлік құрамды арнаулы атақтарға немесе сыныптық шендерге беру, төмендету, айыру және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы" Президент Жарлығының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының арнаулы атақтары немесе сыныптық шендерді беру:

Жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының арнаулы атағы, сыныптық шені:

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ, сыныптық шен мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.

Қызметкерде алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, немесе оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізу кезінде, ол жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының арнаулы атағына, сыныптық шеніне ұсынылуы мүмкін емес.

Жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының арнаулы атағын, сыныптық шенін беру мәселесін қарастыруға Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің жазбаша сұрау хаты негіз болады.

Қызметкерге жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының арнаулы атағын немесе сыныптық шенін беру шешімі комиссия отырысында қабылданады.

Комиссия отырысының қорытындылары бойынша жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының арнаулы атағын немесе сыныптық шенін беру туралы ұсыным дайындалады.

Жоғары басшы немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтарында немесе сыныптық шендерінде төмендету және қалпына келтіру

Жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының қызметкерлеріне қатысты арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету тәртiптiк жазалау шарасы ретiнде қолданылады.

Жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүзеге асырылады.

Жоғары басшы және жоғары офицерлік құрамдарының қызметкерлеріне арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету тәртіптік жазасы құқық қорғау орган немесе арнайы мемлекеттік орган немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган басшысының ұсынымы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша беріледі.

Жоғары басшы немесе жоғары офицерлік құрамдарының қызметкерімен тәртіптік теріс қылық жасаған жағдайда одан жазбаша түсініктеме талап етіледі.

Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқан қызметкер түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда оған қатысты тиісті акт жасалады. Түсініктеме беруден бас тарту қызметтік тексерісті тоқтатпайды.

Арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасы Президентінің шешімін қоспағанда, қызметтік тексеріс нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Қызметтік тексеріс материалдары, сондай-ақ арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету туралы ұсынымы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.

Арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында жаза тағайындалған құқық бұзушылықты, жазаның түрін және ол тағайындалған адамды көрсетеді. 

Құжат 8 наурызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты