Қостанай облысында жасырын цехтан 8 млн теңгенің "суррогат" алкоголь өнімдері табылды

Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіретін цех анықталды. Оқиға орнынан құны 8 млн теңге болатын 6 мың бөтелке тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері мен Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері аудандық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалықта заңсыз алкоголь өндірісін анықтау бойынша бірлескен операция жүргізді. Құқық қорғау органдарының назарын ауданға шыны ыдыстардың үлкен партиясын әкелген жүк тасымалы қызметін көрсетіп жүрген кәсіпкер аударды.

"Өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде аудан орталығының шағын аудандарының бірінің аумағында контрафактілік өнімі бар цех табылды. Тінту барысында алкоголь өнімдерін өндіруге және құюға арналған жабдық, сондай-ақ көлемі 0,5 литр болатын 2 180 бөтелке арақ тәркіленді. Сонымен қатар заңсыз өнімді жөнелту нүктесі анықталып, жойылды. Осы орынға жеткізілген Газель көлігінде 3 мың бөтелке алкоголь мен  спирттік өнім болуы мүмкін 5 литрлік сұйықтығы бар 16 канистр табылды. Алдын ала бағалаулар бойынша бір бөтелкенің құны шамамен 1200 теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды", делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Ақтөбеде оқушылардың улануына байланысты СЭБД  мәлімдеме жасап, күмәнді "снектердің" сатылымнан алынғанын хабарлаған болатын.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді