Мьянмаға жұмыс іздеп барған Қазақстанның төрт азаматы құлдыққа түскен

Сурет: gov4c.kz
Төрт қазақстандық Таиландқа ақша табуға аттанып, бірақ адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтардың құрығына ілінген. Оларды Мьянмаға жеткізіп, алаяқтықпен байланысты колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтардан бөлек Өзбекстанның екі азаматы және Қырғызстаннан сегіз адам осындай жағдайға душар болған. Дипломаттардың көмегімен барлық зардап шеккендерді үйге қайтаруға мүмкіндік туды, деп жазады Өзбекстан Республикасы СІМ жанындағы "Дуне" ақпарат агенттігі.

"Жәбірленушілердің айтуынша, оларға Таиландта жоғары ақыға онлайн жұмыс ұсынылып, әуе билеттері де сатып алынып берілген. Алайда, Таиландқа келгеннен кейін олар Мьянмаға заңсыз жеткізіліп, адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың қолына өткізілген. Оларды алаяқтықпен байланысты колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Заңсыз әрекеттерді орындаудан бас тартқандарға физикалық зорлық-зомбылық пен қоқан-лоққы жасалған. Құлдықтағыларды азат ету және Отанға қайтару үшін үлкен ақшалай қаражат қажет болды", делінген ақпаратта.

Қырғызстанның Таиландтағы дипломатиялық өкілдігінің жоқтығын ескере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттары қырғыз тарапының өтініші бойынша сол елдің азаматтарының да Отанына оралуын ұйымдастыруға жәрдемдесті.

Мьянма мен Таиландтың құзыретті органдарымен жүргізілген келіссөздерден кейін алаяқтық құрбандары босатылып, Маесот (Тайланд) шекара пунктінде Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттарына тапсырылды. 11 сәуірде олар Отанына сәтті оралды.

 

Қазақстан
Қырғызстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты