Жамбыл облысында 300 келіге жуық балықты заңсыз сатып алған адам жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Балықты заңсыз иеленіп, тасымалдаған Жамбыл обылысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Жануарлар әлеміне келтірілген шығын 2 млн теңгеден астамға бағаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шу аудандық соты Балық шаруашылығы инспекциясының жануарлар әлеміне келтірілген залал сомасын өндіріп алу туралы азамат К-ға қатысты азаматтық істі қарады.

"Бұған дейін, 2024 жылдың қарашасында Шу аудандық сотының қаулысымен жауапкер 5 түрлі балық түрін заңсыз сатып алғаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылған. Балықтардың жалпы салмағы 313 келіні құрап, заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 2 млн теңгеден астам сомада балықты заңсыз сатып алу, тасымалдау арқылы жануарлар әлеміне залал келтірілді". Шу аудандық сотының баспасөз қызметі

Талап қоюшы азаматтық іс жүргізу тәртібімен сотқа жүгініп, жауапкерден залал сомасын мемлекет кірісіне өндіріп алуды сұрады.

Жауапкердің өкілі сот отырысында талапты мойындамады. Ол балықтың тек К.-ға ғана тиесілі емес екенін және оның балық аулапда достарымен болғанын, алайда балық ауланбағандықтан, оны "Д" ЖШС-нен сатып алғанын түсіндірді.

"Жауапкердің кінәсі соттың заңды күшіне енген қаулысымен расталғандықтан, сот жауапкер өкілінің дәлелдерін дәрменсіз деп тапты. Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерден мемлекет пайдасына 2 миллион теңгеден астам мөлшерде жануарлар әлеміне келтірілген залал және 62 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді", - дейді Шу аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

Бұған дейін Маңғыстау облысында жартасқа "Ұштаған" деп жазу қалдырған адамға 78 мың теңге айыппұл салынғанын жазғанбыз

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Талдықорғанда "синтетика" таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды