Визамен байланысты алаяқтық: Астана тұрғыны бір топ адамның 330 млн теңгесін заңсыз иеленген

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының тұрғыны алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бір топ ел азаматтарының 330 млн теңгеден астам ақшасын заңсыз иеленген. Ол жәбірленушілерге Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға ұзақ және қысқа мерзімді виза жасап беруге өтірік уәде берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық жауаптылықтан құтылу үшін ол 60-тан астам жәбірленушімен жалған несиелік келісімдер жасап, қылмысын азаматтық-құқықтық қатынас ретінде жасыруға әрекеттенген. Келтірілген шығын көлемі - 330 млн теңгеден астам.

"Күдікті ұсталды, оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып, соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілер анықталуда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде". Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі

Қала прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін назарға салады.

Бұған дейін Семейде жүкті әйел алаяқтық бабы бойынша сотталғанын жазғанбыз.

Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін