Несиелер бойынша шарт жасасу талаптары жаңартылды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен ҚР кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржы қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібі жаңа редакцияда жазылған.

Микрокредит беру туралы шарт, яғни ұйым қарыз алушыға микрокредит беретін шарт, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

Шарт жасасқанға дейін ұйым жеке тұлғаны, ол микрокредит алу үшін қандай тәсілмен жүгінгеніне қарамастан, жылдық пайыздық мөлшерлеме, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (микрокредиттің нақты құны), микрокредит бойынша артық төлем сомасы туралы хабардар етеді, сондай-ақ Заңның 7-бабы 2-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады. Осы іс-шаралардың тізімі міндетті түрде тіркеліп, осы шарт бойынша қарыз алушының кредиттік досьесіне енгізіледі.

Жеке тұлғаға микрокредит беру туралы шешім қабылданғанға дейін ұйым келесі ақпараттың бар-жоғы тұрғысынан кредиттік есепте немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде қамтылған мәліметтерді тексереді:

Егер жеке тұлғаның кредиттік есебінде 5-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат болса, ұйым микрокредит беруден бас тартады. Тек мынадай жағдайлардан басқа:

Сондай-ақ ұйым мына екі жағдай бір мезгілде болған кезде, тұтынушылық микрокредитті (мүлікпен қамтамасыз етілмеген) интернет арқылы беруден бас тартады және жеке тұлғаны ұйымның немесе оның филиалының нақты мекенжайына жүгіну қажеттігі туралы хабардар етеді:

Алайда бұл талап мынадай жағдайларға қолданылмайды: егер микрокредит тұтынушылық мақсаттарға — тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сатып алуға берілсе, ол қарыз алушы тарапынан расталса және микрокредит сомасы осы тауарлар мен қызметтерді сатушының/жеткізушінің банк шотына аударылса.

Жеке тұлға некеде тұрған жағдайда, ұйым тұтынушылық микрокредит беру үшін оның жұбайынан (ерлі-зайыптыдан) келісім алады.

Сондай-ақ мүлікпен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін ұйым алаяқтыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асырады.

Мүлікпен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит беру туралы шартқа қол қою кезінде, егер жеке тұлға 21 жасқа толмаған немесе 55 жастан асқан болса, ол жазбаша келісім беруі керек. Бұл келісім төмендегі талаптарға сай рәсімделеді:

Қағаз түрінде рәсімделген келісімге жеке тұлға ұйымға жеке өзі келіп, қол қояды.

Егер микрокредит беру туралы шарт интернет арқылы жасалса, келісім кредиттік бюро арқылы, "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, Ұйымның "электрондық үкімет" шлюзімен біріктірілген ақпараттық жүйелері арқылы және ЭЦҚ көмегімен расталады. 

Сондай-ақ келісімді рәсімдеу ұйыммен келісімшарт негізінде қызмет көрсететін заңды тұлғаның ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер жеке тұлға ұйымның микрокредит беру туралы шешімі күшінде тұрған мерзім ішінде келісімді ұсынбаса (немесе рәсімдемесе), бұл оның микрокредит алудан бас тартуы болып саналады.

Микрокредит беру туралы ұйым шешімінің қолданылу мерзімі ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

Ұйым келісімді қарыз алушы жеке тұлға микрокредит шарты бойынша барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақтауы тиіс (оның ішінде кредиттік желі шеңберіндегі келісім де бар).

Сонымен қатар, 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап мына норма күшіне енеді:

Егер мүлікпен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит интернет арқылы берілсе және оның сомасы АЕК-тің 75 еселенген мөлшерінен асса, онда микрокредит берілген қаражатты беру тәртібі №217 қаулының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, банктік қарыз шарты жасасу тәртібі де жаңа редакцияда жазылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды