Әскери қызметкер тұрғын үй төлеміне байланысты Қорғаныс министрлігіне, одан соң сотқа жүгінуге мәжбүр болды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Ақмола облысында сот әскери қызметшіге қатысты басқа қаладан үй сатып алғанына қарамастан тұрғын үй төлемдерін тоқтатуды заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат Х-ның РММ "Әскери бөлімге" тұрғын үй төлемдерін тоқтатудың заңсыз деп тану туралы әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2021 жылы гарнизонның тұрғын үй комиссиясы Х-ны тұрғын үйге мұқтаж деп танып, оған тұрғын үй төлемдері тағайындалған. Бұл төлемдер 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін төленіп келген. Алайда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемдер тоқтатылған.

"Төлемдер тоқтатылғаннан кейін, Х. тиісті басқарма мен әскери бөлімге төлемдердің тоқтатылу себептерін түсіндіру және берешекті өтеу туралы өтінішпен жүгінген. Жауап ретінде төлемдерді қайта бастау үшін қосымша құжаттар қажет екені хабарланған. Х. бұл құжаттарды ұсынғанымен, оның талаптары қанағаттандырылмаған. Кейін, Х. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне шағымданды. Онда оған 2023 жылдың қыркүйек айында басқа елдімекеннен тұрғын үй сатып алуына байланысты төлемдер жүргізілмейтіні айтылды", делінген сот хабарламасында.

Істі қарау нәтижесінде сот келесі тұжырымдарға келді:

Сот талапкер Х-ның талабын қанағаттандырды. РММ "Әскери бөлімнің" тұрғын үй төлемдерін тоқтату әрекеті заңсыз деп танылды. Сонымен қатар, Х-ның пайдасына өкіл мен нотариус қызметтеріне жұмсалынған сот шығындары өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Бұған дейін Павлодарда ағалы-қарындас бауырларға зорлық көрсеткен екі қазақстандық ұзақ мерзімге сотталғаны хабарланған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды