БҚО-дағы қыстақтардың бірінен заңсыз қару-жарақ пен киік мүйіздері тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер қыстақтағы шаруашылық қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде бірқатар заңсыз заттарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары үй ішінен қолдан жасалған атыс құрылғысын, екі аңшы мылтығын, екі шолақ мылтықты, түрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 дана киік мүйізін тапты.

"Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жалпы облыс көлемінде іс-шара кезінде заңсыз сақталған 16 қару тәркіленді. Оның ішінде 10 аңшы мылтығы, 2 обрез, 1 винтовка, 1 травматикалық қару және өзге де 2 қару бар. Сонымен қатар 164 оқ-дәрі алынды, оның 7-еуі – ойық ұңғылы, 157-сі – тегіс ұңғылы қаруға арналған". БҚО ПД баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаменті заңсыз қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында жалғасатынын атап өтті.

Бұған дейін БҚО-да алаяқтық жасады деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталғаны хабарланған.

Орал
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды