Қостанай облысында той үстіндегі әрекеті үшін үйленген жігітке айыппұл салынды

Сурет: pixabay
Лисаков қаласында өз тойында пиротехникалық бұйымдарды қолданған жаңадан үйленген жігіт әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.​

Лисаков қалалық сотында азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 20 қыркүйекте сағат 23:15 шамасында Лисаков қаласында мейрамхана маңында азамат Р. елдімекенде және оған арналмаған орында пиротехникалық бұйымдарды қолданған. Бұл әрекеті жеке тұлғалардың тыныштығын белгіленген тәртіпті бұзған.​ Сот отырысында Р. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол отшашуды некелесуіне байланысты жасағанын айтты.

Істің мән-жайын және құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып Р. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл тағайындалды. Айыппұлдың мөлшері ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігінде көзделген шектерде азайтылып, жалпы сомасы 55 048 теңгені құрады.​

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Жамбыл облысында әйел адам сот арқылы экс-күйеуін несие төлеуге мәжбүрлеуге қол жеткізгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды